Елімізде коронавирус бойынша қолайсыз елдер тізімі өзгерді

0
1 093

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы қаулы шығарған болатын.


Елімізде коронавирус бойынша қолайсыз елдер тізімі өзгерді

ERNUR.KZ. «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы» қаулыға өзгерістер енгізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қаулы мәтініне сәйкес, COVID-19 коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдер тізімі өзгертілген. Мәселен, 1 а) санатты елдер тізіміне, ҚХР, Иран, Оңтүстік Корея елдері кірсе, ал Италия 1 б) санатына енгізілген. 2-санатқа Германия, Испания кірген.

3-санаттағы елдерді Жапония, Тайланд, БАӘ, Франция, Швеция, Малайзия, АҚШ, Сингапур, Кувейт, Бахрейн, Ирак, Ұлыбритания, Швейцария, ҚХР Гонконг АӘА толықтырды.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы қаулы шығарғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.