Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 10 адам қайтыс болды

0
2 329

Пандемия басталғалы коронавирустан 2 416 адам, ал пневмониядан 540 науқас көз жұмды.


Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 10 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 8 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

18 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясынан 24 875 адам емделіп жатыр (13 180 КВИ+ және 11 695 КВИ-), олардың 6 570-і стационарлық, 18 305 науқас амбулаторлық жағдайда ем қабылдауда.

Науқастар арасында КВИ+ және КВИ-:
ауыр жағдайда – 294 адам,
өте ауыр хәлде – 60 адам;
өкпені жасанды желдету аппаратына 40 адам қосылды.
Пандемия басталғалы коронавирустан 2 416 адам, ал пневмониядан 540 науқас көз жұмды.