Елімізде ЛГБТ насихатына қарсы петиция 50 мың қол жинады

0
277

Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қабылдады.


Елімізде ЛГБТ насихатына қарсы петиция 50 мың қол жинады

ERNUR.KZ. Енді петицияны мәдениет және ақпарат министрлігі қарайды, деп жазады inbusiness.kz.

"Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қабылдады. Өтініш тіркелген күннен бастап 40 жұмыс күніне дейін қаралады. Министрлік мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қамтитын жұмыс тобының қызметін ұйымдастырады", – деп хабарлады мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі.