Елімізде мәслихаттардың өкілеттігі кеңейтіледі

0
687

Барлық деңгейдегі мәслихаттарға қосымша өкілеттіктер берілмек.


Елімізде мәслихаттардың өкілеттігі кеңейтіледі

ERNUR.KZ. Бұлай деп Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Спикердің сөзінше, елде мәслихаттардың мәртебесін арттыру мақсаты көзделіп отыр.

"Барлық деңгейдегі мәслихаттарға қосымша өкілеттіктер берілетін болады. Атап айтқанда, әкімдердің халықпен кездесулерінде көтерілген проблемаларды шешуіне мониторинг жүргізу, депутаттардың әкімдіктің бюджеттік комиссияларының жұмысына қатысуы, қажет болған жағдайда бюджетті нақтылауға бастамашылық жасау құқығын беру. Сондай-ақ, мәслихат төрағасының және мәслихат аппараты басшысының әкімшілік және ұйымдастыру мәселелері бойынша өкілеттіктері қаралған", - деп атап өтті Ұлттық экономика вице-министрі.