Елімізде мектептерді арнайы күзет қызметі тәулік бойы қадағалайды

0
509

Оның айтуынша, кейбір мектептердегі бейнебақылау камерасы тиісті талап пен стандартқа сәйкес келмейді.


Елімізде мектептерді арнайы күзет қызметі тәулік бойы қадағалайды

ERNUR.KZ. Қазақстанда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептерді тәулік бойы арнайы күзет қызметінің қадағалауына беру мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазан, Пермде болған жағдай бізге де кез келген қауіпке даяр болудың қажеттігін көрсетті. Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мектеп күзетіне қойылатын талап жоғары. Күзет қызметі төтенше жағдайға әрдайым дайын болып, шұғыл шешім қабылдай білуі тиіс. Бұл дегеніміз бейнебақылау камерасының орнатылып, оның талап пен стандартқа сәйкес жұмыс істеуі. Осы орайда біз халықаралық тәжірибе мен өзге елдерде болып жатқан төтенше жағдайларға талдау жүргізудеміз», - деді Дулат Жекебаев «Kazakhstan Security Systems -2021» атты республикалық конференция барысында.

Оның айтуынша, кейбір мектептердегі бейнебақылау камерасы тиісті талап пен стандартқа сәйкес келмейді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, біздің министрлік құзырлы органдармен бірлесіп мектеп қауіпсіздігін тәулік бойы қадағалайтын арнайы күзет қызметімен қамту мәселесі қаралып жатыр. Сонымен қатар, барлық білім беру мекемелерінде «дабыл батырмасын» орнату да күн тәртібінде. Аталған шаралар бюджеттен қосымша 2 млрд теңге қаржыны талап етеді. Осы орайда бүгінде құқықтық-нормативтік актіге қайта өзгерістер енгізіліп жатыр», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде күзет қызметкерлеріне қойылатын талап пен оларды даярлау жоспары қайта қаралып жатыр.