Елімізде мұнай өндірісі азаяды

0
532

​Былтыр еліміздегі ең ірі үш мұнай кен орнынан қазынаға 3 млрд теңгеден астам салық пен міндетті төлем түскен.


Елімізде мұнай өндірісі азаяды

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, 2020 жылы мұнай және кондентсат өндіру жоспары 90 млн тонна болған, деп жазады 24.kz.

Алайда жыл соңында орындалған меже 85,7 млн тоннаны көрсеткен. Соның 68 млн астамы экспортқа шығарылса, 15 млн 800 мың тонна мұнай ел аумағында өңделіп, одан 11 жарым млн тонна өнім алынған.

Ал биыл әлемдегі шектеулерге байланысты өндіріс көлемінің төмендеуі болжанып отыр. Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, биыл қара алтын өндірісі елде 85 млн тоннадан сәл аспақ.