Елімізде SMS арқылы 70 мың нәрестеге туу туралы құжат берілді

0
2 061

Бұдан былай ата-аналар жаңа туған нәрестелеріне туу туралы құжат жасату, балабақшаға тіркеу, жәрдемақы алу сынды ұсыныстарды SMS-хабарламалар арқылы жолдай алады.


Елімізде SMS арқылы 70 мың нәрестеге туу туралы құжат берілді

ERNUR.KZ. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, жаңа туған сәбидің құжаттарын SMS арқылы тіркеуге болады, деп жазады holanews.kz.

Бұдан былай ата-аналар жаңа туған нәрестелеріне туу туралы құжат жасату, балабақшаға тіркеу, жәрдемақы алу сынды ұсыныстарды SMS-хабарламалар арқылы жолдай алады. Сондай-ақ, тұрақты мекенжайға тіркеуге мүмкіндік бар. Жалпы ереже бойынша дүниеге келген нәрестенің ата-анасының біріне екі апта ішінде мекенжай тіркеуіне тұру жөнінде SMS-ұсыныс жолданады. Яғни, баспана иесі өз мекенжайының тіркеу кодын енгізеді. Егерде пәтер ата-анасының атында болмаған жағдайда баспана иесінің ЖСН қоса жолданады.SMS-хабарламаны алу үшін баланың ата-анасының бірі міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелуі қажет.

«Проактив тәсілі азаматтарға ешқайда шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Жаңа технологиялар енді ғана сәбилі болған ата-ана халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай баланың бар құжаттарын реттеуге көмектеседі. Бар қажеті - телефонға келген SMS-ке жауап беру ғана», - деп айтты мемлекеттік корпорацияның төрайымы Әсемгүл Балташева.

Айта кетсек, 1,5 жыл бұрын проактив тәсілімен іске қосылған 70 мыңнан астам балаға туу туралы құжат берілді және он үш мың бөбек балабақша кезегіне тұрғызылды.