Елімізде табиғи газды пайдалану тарихи рекордтық деңгейге жетті

0
564

QazaqGaz 2023-2024 күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындықты бастап кетті.


Елімізде табиғи газды пайдалану тарихи рекордтық деңгейге жетті

ERNUR.KZ. Өткен күзгі-қысқы кезеңде табиғи газды пайдаланудың тарихи рекорды белгіленген, деп жазады baq.kz.

QazaqGaz 2023-2024 күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындықты бастап кетті. Бұл туралы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, жіберілген қателіктер бойынша жұмыс жасалып, келесі маусымда кем-кетіктерді түзету бойынша шаралар қабылданады.

"Қазірдің өзінде 2023-2024 күзгі-қысқы жылыту маусымына жарты жыл бұрын, халықтың сұранысын жауып, газбен қамтамасыз ететін жұмыс штабын құрдық. Басымыздан өткен штаттан тыс оқиғаларды ескеріп, халықты газбен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асырамыз", – делінген QazaqGaz басшысының парақшасында.

Санжар Жаркешов өткен күзгі-қысқы кезеңде табиғи газды пайдаланудың тарихи рекорды белгіленгенін жеткізді.

"Былтыр дәл сондай кезеңде максималды тұтыну көлемі сағатына 3,5 млн текше метр газ деңгейінде болса, қазір бұл көрсеткіш 4,1 млн текше метрден асып жығылды. Тәуліктік эквивалентте 2023 жылы қазақстандықтар шамамен 100 млн текше метр газ тұтынса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 82 млн текше метрді құрады", – дейді «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов.

Газды шектен тыс қолданудан бөлек, газ қызметінің жұмысына елімізде орын алған суық ауа райы да кедергісін тигізген. 2023 жылдың алғашқы екі аптасында ҚазТрансГаз Аймақтың апаттық-диспетчерлік қызметіне газ тұтынушыларынан 6 686 өтінім келіп түскен. Халықты газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 76 бригаданың қызметкерлері тынбай еңбек етті, қосымша 52 бригада жұмылдырылды.