Елімізде тағы бір мереке күні пайда болды

0
1 336

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.


Елімізде тағы бір мереке күні пайда болды

ERNUR.KZ. Қазақстанда жаңа кәсіби мереке – Су шаруашылығы қызметкерлері күні пайда болды. Бұл жайында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі «Әділет» сайтында жарияланды, деп жазады baq.kz.

«Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабына сәйкес ҚР Үкіметінің қаулысымен мерекелік күндердің тізбе мазмұны 17-2-тармақпен толықтырылсын: Су шаруашылығы қызметкерлері күні – 9 шілде»,- делінген құжатта.

Сондай-ақ аталған қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілсін делінген.

Су шаруашылығы саласының жұмысшылары еліміздегі су ресурстарын есептеу және оны пайдалануды жоспарлау мен басқару жағымен айналысады. Сондай-ақ, су шаруашылығы жүйесін пайдалану, олардың ластануы мен сарқылуынан қорғау да солардың қызметіне жатады.