Елімізде тұрғын үй кезегінде тұрғандардың саны 621 мыңнан асты

0
719

Кезекте тұрған азаматтарды қолдау шеңберінде ең осал және тұрғын мәселесін шешуге аса мұқтаж азаматтар 4 санаттар арқылы анықталды.


Елімізде тұрғын үй кезегінде тұрғандардың саны 621 мыңнан асты

ERNUR.KZ. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол айтты, деп жазады baq.kz.

Бүгінгі таңда еліміз бойынша 621 мың астам адам үй кезегінде тұр. Оның ішінде 402 мың адам әлеуметтік осал топтағы азаматтар, - деді ол орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, кезекте тұрған азаматтарды қолдау шеңберінде ең осал және тұрғын мәселесін шешуге аса мұқтаж азаматтар 4 санаттар арқылы анықталды.

Біріншіден, көбалалары отбасылар. Олар - 91 мың азамат. Екіншіден, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар. Қазіргі таңда олардың саны - 51мың азамат. Үшіншіден, мүгедек балалары бар отбасылар. Олар 24 адамды құрап отыр. Төртіншіден, жетім балалар, бүгінде олардың саны - 61 мың азамат, - деді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол.

Сонымен қатар Бауыржан Қабдол биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аталған азаматтардың тұрғын үй мәселесін жедел шешу үшін жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер енгізілгенін атап өтті.