Елімізде зейнетақы мен жалақыны екі есеге өсіру ұсынылды

0
2 566

Елдің күнкөріс деңгейіне алаңдаған депутат Премьер-министрдің атына сауал жолдады.


Елімізде зейнетақы мен жалақыны екі есеге өсіру ұсынылды

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов ең төменгі жалақы мен зейнетақыны бірден екі есеге көтеру қажет дейді, деп жазады inbusiness.kz.

Осылай, елдің күнкөріс деңгейіне алаңдаған депутат Премьер-министрдің атына сауал жолдады. Смайыловтың сөзінің жаны бар. Өйткені бүгінгі таңда екі жарым миллионнан астам қазақстандық кедейліктің шегінде өмір сүріп жатыр. Ал әлемдік пандемия кезінде қойылған шектеулер экономикалық дағдарысты одан әрі күшейтті.

Дәлел ретінде, Ерлан Смайылов Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне арнайы тоқталды. Ондағы көрсеткіш бойынша, былтырғы жылы Қазақстандағы жалпы кедейлік деңгейі 14 пайызды құраған.

Осылайша, бұл санаттағы адамдар саны 1,5 миллионға артқан. Депутат көңіл көншітпейтін статистиканы өзгерту үшін жалақы мен зейнетақы мөлшерін өсіру керек деп есептейді. Басымдық ретінде биылғы жылдың 4 тоқсанына қарай 2022-2023 жылдардағы орташа жалақы мөлшерін біртіндеп ұлғайту керек. Ал ең төменгі жалақыны 85000 теңгеге жеткізу қажет деп отыр.