Елімізде жаңа лауазым пайда болды

0
867

​Құзырет-функциялары Есеп комитетіне ұқсас.


Елімізде жаңа лауазым пайда болды

ERNUR.KZ. Есеп комитеті жойылып, орнына жаңа ұйым құрылғалы жатыр. Ол туралы ережені бекітетін Президент жарлығының жобасы жарияланды, деп жазады baq.kz.

Құзырет-функциялары Есеп комитетіне ұқсас.

Референдумда қабылданған Ата заңға сәйкес Есеп комитеті тарих қойнауына кетіп, мемлекетте Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) құрылуға тиіс. Оның төрағасын – Жоғары аудиторды Президент тағайындайды. Палата төрағасы бұл лауазымын 5 жыл атқарады, Мемлекет басшысына ұнаса, орынтағын тағы 5 жыл сақтай алады.

Мәжіліс Жоғары аудитордың есебін жылына екі рет тыңдайды. Бірақ есебі ұнамаса, қызметіне көңілі толмаса, оны жұмысынан қуа алмайды. Парламентте ондай құзыр жоқ. Парламентшілердің қолынан келетіні – Мәжіліс пен Сенаттың әрқайсысы ЖАП-тың үш мүшесін 5 жыл мерзімге қызметке тағайындайды.

Биыл жаңарған Конституцияның 99-бабында: "Конституциялық сот жəне Жоғары аудиторлық палата құрылғанға дейін Конституциялық кеңестің жəне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағалары мен мүшелері өз өкілеттіктерін сақтайды" делінген.

Бұл палатаның міндеттері ретінде – "халықтың тұрмыс жағдайлары сапасының қарқынды өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстардың (қаржылық, табиғи, өндірістік, кадрлық, ақпараттық) тиімді және заңды басқарылуын талдау, бағалау және тексеру" белгіленген. Құзырет-функциялары Есеп комитетіне ұқсас.