Елімізде жаңадан салынған үйлердегі пәтерлер қымбаттады

0
595

Ең қымбат пәтерлер Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент пен Атырауда.


Елімізде жаңадан салынған үйлердегі пәтерлер қымбаттады

ERNUR.KZ. Статистика комитетінің мәліметінше, бір жылда Нұр-Сұлтанда жаңадан салынған үйлердегі пәтерлер 10,2 пайызға қымбаттаған, деп жазады Тengrinews.kz.

Нұр-Сұлтаннан басқа Қостанай (17,2 пайызға) мен Оралда (12,5 пайызға) да пәтерлер қымбаттаған. Ал Павлодар (5,3 пайызға), Ақтөбе (4,4 пайызға), Көкшетау (4,2 пайызға), Семей (4 пайызға) және Шымкентте (3,1 пайызға) жаңадан салынған үйлердегі пәтерлер аса қымбаттағай қоймаған дейді мамандар.

"Қараша айының қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтандағы жаңадан салынған үйлердегі пәтерлердің шаршы метрі 372 мың теңгеге, Алматыда шаршы метрі 357 мың теңгеге, Шымкент пен Атырауда 326 мың теңгеге дейін барған. Ал ең арзан деген пәтерлер Таразда, Петропавлда және Қызылордада (шаршы метрі 140-141 мың теңге)", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.