Елімізде жастарға берілетін жалдамалы пәтерді алу шарттары жеңілдетіледі

0
611

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін тұрғын үй құрылысының барлық бағдарламасына жас отбасылар үшін 25%-дық квота енгізу көзделген.


Елімізде жастарға берілетін жалдамалы пәтерді алу шарттары жеңілдетіледі

ERNUR.KZ. ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандық жастарды баспанамен қамтамасыз ету қалай жоспарланып отырғанын айтты, деп жазады zakon.kz.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін тұрғын үй құрылысының барлық бағдарламасына жас отбасылар үшін 25%-дық квота енгізу көзделген.

Сонымен қатар 2025 жылға қарай барлық өңірде әкімдіктермен бірлесіп «Отбасы банкі» жеңілдетілген ипотекалық несиелеу бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр.

Бүгінде жастарға арналған аймақтық тұрғын үй бағдарламасы үш облыста – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентте жүзеге асып жатыр. Ал жыл соңына дейін тағы алты облыста – Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында осындай бағдарламаларды іске қосу қарастырылып жатыр.ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов

Ералы Тоғжанов 2019 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға жалдамалы баспана берілетінін, осыған дейін барлығы 7 мыңға жуық осындай пәтер берілгенін еске салды.

Бұл бағдарлама жалғасын табады. 2025 жылға дейін жұмыс істейтін жастар үшін 12 мың пәтер беру жоспарда бар. Ал жыл соңына дейін жалдамалы тұрғын үй беру ережелеріне жастардың айлық табысын растау талабын 40-тан 25 АЕК-ке дейін төмендету бөлігінде өзгерістер енгізіледі. Бұл жастардың жалға берілетін баспана алу мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтеді.Ералы Тоғжанов