Елімізде жеке тұлғалардың төленбеген салығы 19,4 млрд.теңгеге жеткен

0
1 149

Елімізде жеке тұлғалардың салық берешегі бойынша жалпы қаржысы 26,9 млрд.теңгеге жеткен.


Елімізде жеке тұлғалардың төленбеген салығы 19,4 млрд.теңгеге жеткен

Фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Осы жылдың 1 тамызына дейін жеке тұлғалардың төленбеген салық бойынша жалпы сомасы 19,4 млрд.теңгені құрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ал, уақытында төленбеген есептелген өсімпұлдар соммасы – 7,5 млрд.теңгені құраған. Осылайша жеке тұлғалардың салық берешегі бойынша жалпы сомасы 26,9 млрд.теңгеге жеткен.

Ағымдағы жылдың басымен салыстырғанда жеке тұлғалар бойынша бересі 6,7 млрд.теңгеге (52 пайыз) өсті. Жеке тұлғалар бойынша салық берешегінің ең үлкен соммасы Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнда жалпы республикалық салық берешегі сомасынан 7,2 млрд.теңге қарыз.

Республика бойынша жалпы борышкерлер саны 1 409 864-ті құрайды. Бұл көрсеткіш жыл басымен салыстырғанда 179 484 -ке (14,6 пайыз) ұлғайды. Борышкерлердің ең үлкен саны Алматы облысында болып, онда 212 180 жеке тұлғалар берешектерінен жалтарған. онан кейінгі орынға Түркістан облысы табан тіреген. Мұндағы көрсеткіш 209 239 жеке тұлғалар.