Елімізде жұмыссыздар саны өсуі мүмкін

0
1 010

2020 жылдың наурыз айында Қазақстанда жұмыссыздар саны 443 мыңға жеткен.


Елімізде жұмыссыздар саны өсуі мүмкін

ERNUR.KZ. Елімізде жұмыссыздар қатары артуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

Ресми дерек бойынша, 2019 жылы әлем бойынша 187,7 млн жұмыссыз тіркелген. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 1 пайызға артық.

Халықаралық еңбек ұйымының болжамына сүйенсек, 2020 жылдың екінші тоқсанында пандемия кесірінен жұмыс уақытының жалпыәлемдік көлемі 6,7 пайызға қысқарады. Бұл 195 млн қызметкердің жұмыс уақытына пара-пар көрсеткіш.

Табысы орташа көрсеткіштен жоғары елдерде жұмыссыздық деңгейі өсуі мүмкін. Биылғы дағдарыстың салдары 2008-2009 жылғыдан әлдеқайда жойқын болмақ. Қонақүй, қоғамдық тамақтану, бөлшектік сауда, коммерциялық және әкімшілік қызмет салаларындағы жұмыс тоқырауға ұшырайды. Қазақстанда осындай салаларда халықтың шамамен 30 пайызы, яғни 2,7 млн адам табысын тауып жүр. Наурыз айында еліміздегі жұмыссыздар саны 443 мыңға жеткен: ақпандағы көрсеткіштен 0,2 пайызға, қаңтардағыдан 0,4 пайызға артық. Халықаралық еңбек ұйымының болжамы бойынша, 2021 жылы бұл көрсеткіш 5,1 пайызға дейін өсуі мүмкін.