Ең қымбаты - 74 млрд теңге.
ERNUR.KZ. Биыл жазда аукционға шығарылған қазба байлықтары бар 14 кеніш аукционда сатылды. Яғни, қазақстандық және шетелдік компаниялар жер қойнауын игеру құқығына ие болды, деп жазады exk.kz.
ҚР Энергетика министрлігі 9 қарашаға дейін аукционға қатысушылардан өтінім қабылдап, бір аптаның ішінде аукцион қорытындысын жариялады. Маңғыстау облысындағы Нұрманов учаскесі "КазТрансНефть" ЖШС-не 17 млрд теңгеге, Алашаңтақыр учаскесі 59 млрд теңгеге "Люминор групп" ЖШС-не сатылды.
Қызылорда облысындағы Бектас кен орыны бастапқы бағасынан екі есе қымбат бағаға, яғни "Казнедрапроект" ЖШС-не 17 млрд теңгеге сатылып кетті. Осы облыстағы Оңтүстік Қоныс учаскесінің 47 млрд теңгеге BK Engineering ЖШС-не берілсе, Батыс Нұралы учаскесін Oil Tolling Capital ЖШС 10 млрд теңгеге сатып алды. Қызылорда облысындағы Қоныс учаскесі 37 млрд теңгеге қойылып, 71 млрд теңгеге Сapital Resources ЖШС-нің иелігіне өтті.
Атырау облысындағы Сарайшық учаскесін Sapatek Munay ЖШС 74 млрд теңгеге сатып алды. Бір қызығы, аукцион кезінде бұл компания кен орнының бағасын тек төрт мың теңгеге ғана қымбаттатқан. Мұнайлы облыстағы Забурын кен орныда төрт мың теңге жоғары баға ұсынған Сарайшык Petroleum ЖШС-не сатылды.
Сондай-ақ Қарашағыр учаскесін 477 млрд теңгеге Enerplus ЖШС иелік етеді. Атанат кен орнын HTS Exploration Ltd ЖШС 635 млрд теңгеге сатып алды.
Осы облысқа көрші Ақтөбе облысындағы Алашқазған кен орны 224 млрд теңгеге HTS Exploration Ltd ЖШС иелігіне өтсе, Құраша кен орны 8 млрд 751 мың теңгеге Kurasha Petroleum ЖШС-не берілді.
Түркістан облысындағы Шақпақ учаскесін Karatau Munai ЖШС-не 8 млрд теңгеге сатылды. Павлодар облысындағы Прииртышский учаскесін "Ертіс Ойл энд Газ" ЖШС 51 млрд теңгеге сатып алды.
Осыған дейін Express Qazaqstan кен орындары сатылымға шығатынын хабарлаған болатын. Бұл Энергетика министрлігінің өткізген үшінші аукционы екенін еске сала кеткен жөн.