Олар Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы.
ERNUR.KZ. Қазақстанның 3 облысы мен бір қаласында Конго-Қырым гемморагиялық қызбасының табиғи ошағы тіркелді. Олар Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы, деді ҚР бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп жазады holanews.kz.
«Қазақстанда оба, туляремия сияқты аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары бар. Ал Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен бүйрек синдромды геморрагиялық қызбасының ошақтары анықталды. Қазақстанның барлық облыстарында күйдіргі, кене энцефалиті, құтыру сияқты қауіпті індеттердің қолайсыз стационарлық пунктері бар», - деді бас санитар.
Бекшин өткен жылы Шығыс Қазақстан аумағынан шыққан сібір жарасының ошағына қатысты мәлімет берді.Ол биыл елімізде сібір жарасының қаупі жоқ екенін айтты.
«Расымен де былтыр Шығыс Қазақстанның Катонқарағай ауданында сібір жарасының ошағы шығып, бір адам көз жұмған болатын. Кейін ауру бұрынғы мал қорымынан шыққаны анықталған. Биыл Шығыс Қазақстанда сібір жарасының қаупі жоқ», - деді Бекшин.
Бас санитар шетелге саяхат кезінде теңіз тағамдарын байқап тұтыну қажет екенін ескертті. Оның айтуынша, қауіпті ауруды масадан да жұқтыруға болады.