Елдің оңтүстігінде – дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
ERNUR.KZ. «Қазгидромет» РМК 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек күндіз Қазақстанның оңтүстік-батысында және қиыр солтүстігінде аздаған жаңбыр болады, сондай-ақ республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр жауып, найзағай болады. Қазақстан бойынша жел күшейюі күтіледі», - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова.
Еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстігінде – дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.