Еліміздің кейбір қалаларында қардың қалыңдығы 3,5 метрге жетті

0
909

Қала аумағында тәулік бойы 10-нан 15-ке дейін қар жинайтын техника жұмыс істейді.


Еліміздің кейбір қалаларында қардың қалыңдығы 3,5 метрге жетті

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында, жергілікті әкімдіктің мәліметі бойынша, қыс басталғалы үш метрге жуық қар жауды, деп Stan.kz.

Қала аумағында тәулік бойы 10-нан 15-ке дейін қар жинайтын техника жұмыс істейді. Бірінші кезекте жолаушылар көлігі мен қоғамдық маңызы бар объектілерге баратын жолдар тазартылады.

Алайда, істеліп жатқан жұмысқа қарамастан, орталық жолдардың өзін қардан тазартып үлгермей жатыр. 27 қаңтарда бір көшеде екі жолаушы автобусы қардан қозғала алмай, бір орында тұрып қалды.

"Өзімізді өзіміз құтқардық. Бір көлік артқа жылжып, екіншісін қардан шығарды. Қар жауғаннан кейін жолды тазартып үлгермей жатыр. Қардан көліктер тайғанақтап, нәтижесінде жол үстінде қардан төбешіктер пайда болады. Көлікпен емес, жаяу жүрудің өзі қорқынышты. Айналма жолдарды жақсылап тазартпағанның кесірінен көліктер графигінен кешігіп жатыр. Ал жолаушылардың наразылығын жүргізушілер мен кондукторларға тыңдауға тура келеді", - деді жолаушы тасымалдаушы Заур Ақышев.

қар үйінділері

Алтай тұрғындарына жаяу жүру мұң болып отыр. Көшелерді тазаланғаннан кейінгі қар шашылып, тау-тау үйіндіге айналған. Қардың биіктігі кейде метрден жоғары. Бұл жағдай полиция қызметкерлерін алаңдатып отыр.