Еліміздің төрт облысында 7 жол учаскесі жабылды

0
966

Шектеу көліктің барлық түріне шектеу қолданылады.


Еліміздің төрт облысында 7 жол учаскесі жабылды
ERNUR.KZ. Ауа райына байланысты еліміздің 4 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп жазады sputnik.kz.
Ақмола облысында – 1 учаске:
1."Екатеринбург-Алматы" тасжолының 1292-1353 шақырымы. Жібек жолы ақы алу пункті – Қарағанды облысы шекарасы – 61 шақырым.
Жетісу облысында – 1 учаске:
1."Үшарал-Достық" тасжолының 84-184 шақырымы. Көктұма станциясынан - Достық станциясына дейін – 100 шақырым.
Қарағанды облысында – 4 учаске:
1."Екатеринбург - Алматы" 1505-1610 шақырымы. Новостройка ауылынан - Ақсу-Аюлы ауылына дейін – 105 шақырым.
2."Екатеринбург – Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы" 0-16 шақырымы. Пришахтинск ауылынан – Новостройка ауылына дейін – 16 шақырымы..
3."Екатеринбург - Алматы" автожолының 1353-1426 шақырымы. Ақмола облысының шекарасынан – Теміртау ақы алу пунктіне дейін – 73 шақырым.
4."Қызылорда-Павлодар" тасжолының 788-906 шақырымы. Ұлытау облысының шекарасынан – Топар ауылына дейін – 118 шақырым.
Ұлытау облысында – 1 учаске:
1."Қызылорда-Павлодар" автожолының 756-788 шақырымы. Атасу ауылынан – Қарағанды облысының шекарасына дейін – 32 шақырым.
Шектеу көліктің барлық түріне шектеу қолданылады.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 392 техника мен 599 адам жұмылдырылды.