Еліміздің үш облысында өзен суларының деңгейі көтерілуі мүмкін

0
1 494

Табиғаттың мұндай құбылысына күн райының жылуы себеп болып отыр.


Еліміздің үш облысында өзен суларының деңгейі көтерілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Синоптиктер Қазақстанның үш өңірінде өзен суларының көтерілу қауіпінің барын болжады, деп жазады Zakon.kz.

"18-20 наурыз аралығында күн райының жылуына байланысты Шығыс-Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарында қар еріп, мұздық қабаттар сөгіліп, өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 18 наурыз күні еліміздің батысы мен шығысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа-райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жауын-шашын түседі. Республиканың қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел күшейюі мүмкін екендігі де болжанып отыр.