Елорда әкімдігі Алтай Көлгіновтің жалған аккаунттары пайда болғанын ескертеді

0
893

Қала әкімінің баспасөз қызметі тек ресми аккаунтарда келтірілген ақпаратты пайдалануды сұрайды.


Елорда әкімдігі Алтай Көлгіновтің жалған аккаунттары пайда болғанын ескертеді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің жалған аккаунттары пайда болды, деп жазады astana.gov.kz.

Осыған байланысты, Алтай Көлгіновтің Twitter @AltayKulginov (твиттерге тіркелген уақыты 2017 жылдың қараша айы), Facebook, instagram @altay_kulginov_official әлеуметтік желілерінде ғана тіркелгенін хабарлайды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік желілерді пайдаланушыларын Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жоғарыда аталған ресми аккаунтарында келтірілген ақпаратты пайдалануды сұраймыз. Әкімнің атынан басқа аккаунтарда орналастырылған кез-келген ақпарат жалған екенін мәлімдейді.

Жалған аккаунтардың пайда болуына байланысты қала әкімінің аппараты қасақана жалған ақпараттың таралуын болдырмау үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болған.