Елорда әкімдігі маңдайшасындағы жазу өзгертілді

0
1 501

Бұған дейін қала әкімі Бақыт Сұлтанов елорда тұрғындары астаналықтар болып қалатынын айтқан еді.


Елорда әкімдігі маңдайшасындағы жазу өзгертілді

ERNUR.KZ. Елорда әкімдігінің ғимаратының маңдайшасындағы жазба ауыстырылды, деп жазады тengrinews.kz.

Елордалық әкімдік ғимаратының кіреберісіндегі жазбалар өзгерді, енді мұнда "Nur-Sultan qalasynyń ákimdigi" және "Акимат города Нұр-Сұлтан" деп жазылған. Естеріңізге салсақ, 23 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың атауын Нұр-Сұлтан деп ауыстыру туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Бұған дейін қала әкімі Бақыт Сұлтанов елорда тұрғындары астаналықтар болып қалатынын айтқан еді. Оның сөзінше, қаланың маңызды нысандары - "Астана Опера", "Астана-Арена", спорт клубтары мен басқа да ғимараттардың атауы өзгермейді.