Елорда дүкендерінде қауіпті лимонад сатылуда

0
795

Сусынды Елорда дүкендерінен көрген жағдайда департаментке хабарласу керектігін еске салады.


Елорда дүкендерінде қауіпті лимонад сатылуда

ERNUR.KZ. Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов елордалық сауда желілерінде сатылатын лимонад өнімдерінде натрий бензоаты шектен тыс көп екенін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Сатылатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау аясында департамент уланудың алдын алу мақсатында тұрақты түрде тарату желісінен азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларды іріктеп алады.

«Сонымен, «Грузин сыра компаниясы» АҚ өндірген алкогольсіз, газдалған «ARAGVI» лимонады, тархун және саперави сусындарының құрамында натрий бензоатының гигиеналық нормадан асатыны анықталды. Зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша осы алкогольсіз сусындардағы натрий бензоатының мөлшері - 152, 68 мг/кг-нан 163,53 мг/кг дейін. Ал норма - 150 мг/кг» делінген хабарламада.

Натрий бензоаты (E211) - тағамдық қоспа, сақтау мерзімі мен сақтау мерзімін ұлғайту мақсатында тағамдық және азық-түлікке жатпайтын өнімдерді, соның ішінде тәтті газдалған сусындарды өндіруде қолданылатын консерванттар тобына жатады.

Сонымен қатар, натрий бензоаты дәмді, түсті жақсартады және ескі өнімнің дәмін «жаңартуға» көмектеседі, бактериялар мен саңырауқұлақтарды өлтіретін антибиотикалық қасиеті бар.

E211 консерванттары ағзада жиналуға бейім, сондықтан осы тағамдық қоспасы бар өнімді қалыпты мөлшерде ішу керек. Себебі, ол адамның денсаулығы мен әл-ауқатына әсер ете алады.

«Натрий бензоаты аскорбин қышқылымен әрекеттесіп, ДНҚ құрылымын бұзатын канцерогенді бензол түзетінін және де бауыр циррозы мен қатерлі ісік ауруына, жүйке жүйесінің бұзылуына себеп болатынын есте ұстаған абзал. Тері сезімталдығымен немесе астма ауруымен ауыратын адамдарда E211 консерванттары ауруды өршітіп, аллергиялық реакция туғызуы мүмкін. Қазіргі уақытта заң аясында сауда желісін тексеру, анықталған қауіпті өнімдерді нарықтан шығару және әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда» деп мәлім етті департамент.

Департамент осы өнімдерді елорда дүкендерінен көрген жағдайда +7 (7172) 31-61-81 нөміріне хабарласу керектігін еске салады.