TED - технология, ойын-сауық және дизайн дегенді білдіреді
ERNUR.KZ. Есіл ауданы әкімі Төлеген Закарьяновтың бастамасымен №84 мектеп-лицейде TEDx клуб ашылды, деп жазады ҚазАқпарат.
№ 84 мектеп-лицейде TEDx клубтың ашылуына Елбасы Жолдауында айтылған Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс деп деген тапсырмасы ынталандырған. Қазақстандағы алғашқы TEDx клубтар Назарбаев зияткерлік мектептерінде ашылған. № 84 мектеп-лицей директоры Зәуре Жүсіпованың айтуынша, атылмыш мектеп-лицей басшылығы қашанда Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесін зерделеп мүмкіндігінше қолданысқа енгізеді.
«Бұл шара TED клубтың ашылуына арналып отыр. TED ойын-сауық, технология және дизайн дегенді білдіреді. Бұл клубта бізде жаратылыстану, экология, көптілділік, техника бағыттары болады. Біздің клубтың басты мақсаты оқушылардың ғылыми-зерттеу қабілетін дамыту. Біз балалардың көпшілік алдында сөйлеу дағдылары жақсарып, шешендік өнер, зерттеу қабілеті дамиды деген ойдамыз», - дейді З. Жүсіпова.
TEDx клуб Есіл ауданы әкімі аппаратының және № 84 мектеп-лицей басшылығының бастамасы бойынша ашылды.
«Біздің бұл бастамамыз Елбасы Жолдауын қолдауға арналған. Осы жылғы Жолдау ерекше. Онда ел өмірінің барлық саласы атап өтілді. Бірақ Елбасы білім саласына ерекше статус берді. Білім жүйесінде жаңаша көзқарас қалыптастыру айтылды және оның ішінде білім алушыларды мектеп қабырғасынан бастап бір мамандыққа бейімдеу, оның ішінде сұранысқа ие мамандықтарға баса назар беру.TEDx клубтар тура сол бағытқа ықпал етеді», - деді А. Садықова.
Ашылған TEDx клубта № 84 мектеп-лицейінің барлық оқушылары оқи алады. Ал оқушыларды тиісті бағдарламалармен мектеп ұстаздары қамтамасыз етеді, сондай-ақ тартылатын болады және оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ояту мақсатында жоғары оқу орындары оқытушылары мен әр түрлі салалардың өкілдері тартылатын болады.