Спортшы мен жігіт арасында жанжал болған.
ERNUR.KZ. Елорданың сауда орталықтарының бірінің көлік тұрағында жанжал болды. Бір ер адам жансақтау бөліміне түсті, ал екіншісі қамауға алынды, деп жазады Stan.kz.
Елордада бокстан спорт шебері мен өзге адамның арасында жанжал болды. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Валерий Михайлович деген қолданушы жазды.
"Төрт күн бұрын «Кенмарт» сауда орталығының автотұрағында атыс болып, содан кейін қарапайым жігіт пен бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері арасындағы төбелес болды. Қарапайым жігіт Сыздықов Рүстем екі күрделі операциядан өтті, оның ішінде бас сүйегінің трепанациясы жасалды", - деп жазды автор.
Бұл оқиғаны Нұр-Сұлтан полиция бөлімі түсіндірді.
"26 қазанда, сағат 18.40 шамасында болған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша (қасақана ауыр зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен 26 жастағы қала тұрғыны ұсталып, сол күні «Нұр-Сұлтан» қаласында уақытша ұстау абақтысына қамалды", - деп хабарлайды елорданың баспасөз қызметі