Елордада кезектен тыс пәтер алмақ болған әйел көпірден секірмек болды

0
922

Қалалық әкімдік жеке бастың мәселесін бұлай шешу заңға қайшы екенін ескертеді.


Елордада кезектен тыс пәтер алмақ болған әйел көпірден секірмек болды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда тағы бір адам көпірден секірмек болды. Куәгерлердің айтуынша, қала тұрғыны кезектен тыс 3 бөлмелі пәтер беруді талап еткен, деп хабарлайды Astana арнасы.

Оқиға орнына мамандар шақыртылып, көпір шетіндегі әйел адам қауіпсіз жерге шығарылды. Қоғамдық тәртіпті бұзған тұрғын полиция департаментіне жеткізілген. Ондағылар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, соңынан босатып жіберді. Қалалық әкімдік жеке бастың мәселесін бұлай шешу заңға қайшы екенін ескертеді.

"Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мұндай заңсыз түрде тұрғын үй мәселесін шешуді мақұлдамайды. Тұрғын үй мәселесін мұндай жолмен емес, нақты бектілген заңнама бойынша шешіледі. Ең біріншіден кезекке тұру керек. Бұл іспен тұрғын үй фонды айналысады. Сондықтан талапқа сәйкес кезегі келген кезде ғана тұрғын үймен қамтамасыз етіледі", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді.