Елордада көркем гимнастикадан жазғы республикалық спартакиада өтеді

0
680

Турнирге еліміздің барлық өңірінен 60-тан астам спортшы қатысады.


Елордада көркем гимнастикадан жазғы республикалық спартакиада өтеді

ERNUR.KZ. 16-19 мамыр күндері Астанада көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы өтеді, деп жазады inform.kz.

Турнирге еліміздің барлық өңірінен 60-тан астам спортшы қатысады.
Топтық жаттығулардағы жарысқа 2008 жылы туған бір гимнастан ғана жіберіледі. Спартакиадаға Қазақстан құрама командаларының көшбасшылары, соның ішінде Айбота Ерсайқызы, Елжан Таниев, Ерік Жайлауов, Милан Парфилова қатысады.
Көпсайыс финалына жеке бағдарламада ең жоғары нәтиже көрсеткен командалар құрамынан 15 спортшы жіберіледі. Көпсайыс финалының жеңімпазы ең жоғары балл сомасы бойынша анықталады.
Жеке бағдарламада көпсайыстың жекелеген түрлерінде финалға көпсайыстың әрбір түрінде ең жоғары нәтиже көрсеткен командалар құрамынан 8 спортшы жіберіледі. Ал топтық жаттығулардағы көпсайысқа – біліктілігі жоғары аймақтан бір команда.

Турнирдің ресми ашылуы 17 мамыр күні сағат 12:00-де Qazaqstan спорт кешенінің жеңілатлетика манежінде өтеді.

Жарыс ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті және Астана әкімдігі.