Елордада полиция қызметкерлерін желідегі жазбаларға «лайк» басуға міндеттеген

0
765

«Есіл» аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің аға инспекторы Б.Исмаиловтың баяндауынша, полиция қызметкерлері желідегі жазбаларға жалпы саны 420 ұнату белгісін басып, 75 пікір жазыпты.

Елордада полиция қызметкерлерін желідегі жазбаларға «лайк» басуға міндеттеген

ERNUR.KZ. Желіде Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің «Есіл» аудандық полиция басқармасының бастығы М.Айтуғановтың атына жазылған рапорт мәтіні тарай бастады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Мәтінде басқарма бастығына қалалық полиция департаменті мен аудандық полиция басқармасының жағымды имиджін қалыптастыру үшін қызметкерлер тарапынан атқарылған шаралар туралы есеп берілген.

Нақтырақ айтсақ, «Есіл» аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің әлеуметтік желідегі белсенділігі туралы, департаменттің және басқарманың ресми парақшаларындағы жазбаларға қанша адам ұнату белгісін басқаны, қанша адам пікір қалдырғаны баяндалған.