Астанада 6 айдың қорытындысы бойынша статистикаға сәйкес 206 АИТВ инфекциясы анықталған.
ERNUR.KZ. Астаналық 2 жасөспірімнен АИТВ инфекциясы анықталды. Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
«Астанада 6 айдың қорытындысы бойынша статистикаға сәйкес 206 АИТВ инфекциясы анықталды. Оның екеуі жасөспірім», - деді Сарқыт Бейсенова қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, биыл наурызда жыл сайын 3 мыңнан астам қазақстандық АИТВ инфекциясын жұқтыратыны туралы ресми ақпарат берілген болатын.