Елорданың бас дәрігері ревакцинация алды

0
707

Бүгін қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов коронавирус инфекциясына қарсы қайта екпе алды.


Елорданың бас дәрігері ревакцинация алды

ERNUR.KZ. Бұл жолы оның таңдауы отандық QazVac вакцинасына түскен, деп жазады baq.kz.

Инфекция мен вакцинациядан кейін иммунитеттің әлсіреуі деген табиғи процесс бар. COVID-19-бұл жұқпалы ауру, содан кейін иммунитет қатты әлсірейді және ұзақ уақытта қалыптаспайды. Өзіңізді инфекциядан қорғау үшін ревакцинация жасау керек. Сонымен қатар ревакцинация бір инъекция арқылы жүзеге асырылады. Бұл сіздің иммунитетіңізді ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді, - деді Тимур Мұратов.

Ведомство басшысы бұл жолы неге отандық вакцинаны таңдағанын түсіндірді.

Бірінші рет, ақпан айында мен Спутник алдым. Сол кезде таңдау үшін тек осы вакцина еді. Ресейлік вакцинадан кейін QazVac немесе Sinofarm Vero Сell-мен вакцинациялауға рұқсат етілгендіктен менің таңдауым әлбетте өзіміздің вакцинамызда болды. QazVac клиникалық сынақтардың қажетті кезеңдерінен өтті және тәжірибе көрсеткендей, тиімділігін дәлелдеді, - деп отыр басқарма басшысы.