"Елжан Біртановты жұмысқа аласыз ба?": Тілшілер Денсаулық министріне сұрақ қойды

0
446

Сот Елжан Біртановқа үйден шығуға және жұмыс істеуге рұқсат берген еді.


ERNUR.KZ. Бүгін тікелей эфирде QazCOVID-in вакцинасын алған ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға «бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты жұмысқа аласыз ба?» деген сауал қойылды, деп жазады ҚазАқпарат.


«Сот Елжан Біртановқа үйден шығуға және жұмыс істеуге рұқсат берді. Оны Денсаулық сақтау министрлігіне қабылдайсыз ба?», - деп сұрады тілші тікелей эфир барысында.


Бұл сауалға Алексей Цой: «Қазіргі уақытта біз де мұндай ақпаратты алып отырмыз. Білуімізше, қазіргі уақытта ол коммерциялық құрылымда жұмыс істеп жатыр», - деп жауап берді.

Айта кетейік, бүгін елімізде QazVac вакцинасымен вакцинациялау басталып, вакцинаны тікелей эфир барысында алғашқылардың бірі болып Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алды.