Енді Ақтау мектептерінде соңғы қоңырау соғылмайды

0
1 107

Жыл сайын 25 мамырда мектеп бітіруші түлектер үшін соғылатын соңғы қоңарау мейрамы енді өтпейді.


Енді Ақтау мектептерінде соңғы қоңырау соғылмайды

ERNUR.KZ. Биылдан бастап ақтаулық түлектер үшін соңғы қоңырау соғылмайды. Ақтау қалалық білім бөлімі бұл салтанатты шараны тоқтатты, деп жазады stan.kz.

Жыл сайын 25 мамырда мектеп бітіруші түлектер үшін соғылатын соңғы қоңарау мейрамы енді өтпейді.

Қалалық білім басқармасы 2024 оқу жылының 24 мамырда аяқталатынын мәлімдеді. Бұл күні мұғалімдер мектептерде сынып сағатын өткізеді.

“Соңғы қоңырау болмайды. Министрлік осылай шешті. Сертификаттар 12-15 маусым аралығында беріледі”, – деп мәлімдеме жасады қалалық білім басқармасы.