Енді қазақстандықтар Мароккоға визасыз бара алады

0
298

Марокко халқы да Қазақстанда 30 күн визасыз жүре алады


Енді қазақстандықтар Мароккоға визасыз бара алады

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Марокко азаматтары енді екі ел арасында 30 күнге дейін визасыз жүре алады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы кезінде Марокко Корольдігінің Сыртқы істер, африкалық ынтымақтастық және шетелдегі марокколықтар жөніндегі министрі Насер Буритамен кездескен еліміздің сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу осындай келісімге қол қойды.

«Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Марокко Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды. Аталған Келісім екі ел азаматтарының сапарларын жеңілдетуге бағытталған және екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді», - деп жазды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы келісімге сай, енді Қазақстан және Марокко азаматтары жарамды ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың негізінде екі елдің аумағына кіргенде, шыққанда, транзитпен өткенде немесе уақытша жүргенде визадан босайды.

«Әрбір визалық сапардың ұзақтығы соңғы 180 күннің ішінде 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс», - деп ескертті сыртқы саясат ведомствосы.