Енді «ҚазТрансГаз» тікелей «Самұрық-Қазынаға» бағынады

0
2 962

​Бұрын газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының құрамында болатын.


Енді «ҚазТрансГаз» тікелей «Самұрық-Қазынаға» бағынады

ERNUR.KZ. «ҚазТрансГаз» компаниясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның дербес портфельдік компаниясына айналды, деп жазады inbusiness.kz.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаментіне сілтеме жасап. Бүгін Үкіметтің қаулысы қабылданып, «Самұрық-Қазына» мен «ҚазМұнайГаз» арасында «ҚазТрансГазды» «Самұрық-Қазына» қорына сенімді басқаруға беру туралы шартқа қол қойылды. «Осылайша, «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы газ тасымалдауды жүзеге асырып қана қоймай, газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға айналады», - деді Ахметжан Есімов.

Еске салайық, 2020 жылдың қарашасында «Самұрық-Қазына» қорының басқарушылар кеңесінің отырысында кеңес төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазтрансгазды» «ҚазМұнайГаз» құрамынан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына беру тапсырма берген еді.

2021 жылдың қаңтарында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев газды барлау, өндіру және тасымалдау жөніндегі ұлттық оператор құруды тапсырған.