Енді мектептерде "өзін-өзі тану" міндетті пән болмайды

0
688

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, оларға бұл пәнді мектеп бағдарламасынан алып тастау туралы ұсыныстар түскен.


Енді мектептерде

ERNUR.KZ. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан мектептерінде "Өзін-өзі тану" пәнін таңдау пәніне айналдыру жоспарланып жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, оларға бұл пәнді мектеп бағдарламасынан алып тастау туралы ұсыныстар түскен.

"Қазір Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық білім академиясы келесі оқу жылынан бастап мектепте оқуға міндетті осы міндетті пәнді факультатив санатына көшіру жобасын ұсынды. Яғни, қыркүйек айынан бастап "Өзін-өзі тану" бұрынғыдай 1-11 сыныптар арасында емес, тек бір сыныпта ғана оқытылатын болады", - делінген хабарламада.
Пәнді факультативтер тізбесіне көшіруді оқу бағдарламаларын жаңарту және мектеп оқушыларының оқу жүктемесін азайту шаралары аясында жүзеге асыру жоспарланып отыр.