Енді сахнада ішіп алып, "концерт қоятын" әншілерге жаза қатаңдатылады

0
453

Мәдениет министрлігі заң жобасына түзетулер енгізеді.


Енді сахнада ішіп алып,

ERNUR.KZ. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі концерт кезінде әртістердің "орынсыз әрекеті" үшін жауапкершілік енгізуді ұсынды, деп жазады inbusiness.kz.

Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.

Қаулы жобасына сәйкес, Мәдениет министрлігі "мәдени іс-шара барысында көрермендермен қарым-қатынас жасау кезінде өнер қайраткерлерінің жөнсіз мінез-құлық танытуына, көрермендерге балағат сөз сөйлеп, әдепсіз қылық көрсетуіне, алкогольдік ішімдік ішіп, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болуына, сондай-ақ психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын қабылдауына" қатысты жауапкершілік енгізуді ұсынды.
Осылайша, департамент жеке тұлғаларға 150 АЕК (553 800 теңге), заңды тұлғаларға 300 АЕК (1,1 миллион теңге) көлемінде айыппұл салуды көздеп отыр.

Бір жыл ішінде осындай бұзушылық қайталанса, жеке тұлғаларға 200 АЕК (738 400 теңге), заңды тұлғаларға 600 АЕК (2,2 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынады.