​Енді телеарна мен радиода коммерциялық жарнама азаюы мүмкін

0
1 477

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар телеарна мен радиода коммерциялық жарнаманың көлемін азайтуды көздейтін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Енді телеарна мен радиода коммерциялық жарнама азаюы мүмкін

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар телеарна мен радиода коммерциялық жарнаманың көлемін азайтуды көздейтін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР-сының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қаралды. Заң жобасының маңызын депутаттарға Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Иксанова түсіндірді.

«Теле және радиоарналардың кешкі уақытта (прайм тайм) коммерциялық жарнама көлемін қысқартуға кезең-кезеңімен көшуге бағытталған түзетулер енгізді. Мәселен, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жарнама көлемін 20%-тен аспайтындай етіп қысқарту ұсынылады. Сондай-ақ міндетті теле және радиоарналарда күніне 10 роликке дейін әлеуметтік жарнаманы өтеусіз орналастыру көзделеді», - делінген Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің аталған заң жобасы бойынша қорытысында.

Сонымен қатар аталған құжат аясында әлеуметтік жарнамада балалардың бейнесін пайдалану жөніндегі шектеулерді алып тастауға бағытталған түзетулер енгізілген.

Тиісті талқылаулардан кейін депутаттар «ҚР-сының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлдады.