Енді жаңа туған сәбилер аты-жөнінен бұрын ЖСН алады

0
1 311

Заң жобасы байланыс операторларының инфрақұрылым мен жиіліктерге бірдей қол жеткізуін қарастырады.


Енді жаңа туған сәбилер аты-жөнінен бұрын ЖСН алады

ERNUR.KZ. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар интернеттің сапасын жақсартып, операторлар арасында бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік беретін заңды бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Депутат Екатерина Смышляева «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды.

Оның айтуынша, бұл құжат депутаттардың бастамасымен әзірленді.

«Заң жобасы аясында бірқатар түзету Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған. Заң жобасы үш блоктан тұрады. Бұл байланыс саласын дамыту, цифрландыруды арттыру және инновацияны қолдау», - деді депутат.

Заң жобасы бойынша бірқатар бастама бар. Олар:

  • радиожиілік спектрін қайта бөлу;
  • бас жоспарларға коммуникациялық инфрақұрылымды орналастыру орындарын енгізу. Коммуникациялық қажеттіліктер үшін аумақтарды резервтеу;
  • виртуалды байланыс операторларының құқықтық мәртебесін енгізу;
  • желілер мен байланыс құралдарының орналасу орындарына операторлардың тең қолжетімділігін заңнамамен бекіту;
  • ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілеріндегі байланыс қызметтерін субсидиялау;
  • автомобиль жолдарының бойында талшықты-оптикалық байланыс желілерінің болуын талап ету;
  • геостационарлық емес байланыс спутниктерінің жұмысын реттеу;
  • жергілікті атқарушы органдарға коммуникациялық инфрақұрылымды құру саласында қосымша құзыреттер беру;
  • баланс ұстаушыны анықтау және кабельдік каналға техникалық аудит жүргізу;
  • ұлттық заңнамаға инновацияның практикалық құқықтық режимдерін енгізу;
  • салалық технологиялық құзырет орталықтарын нығайту;
  • ұлттық инновациялық жүйенің «бір терезесін» құру.
«Жаңа туылған баланың жеке деректерін жоғалту қаупін болдырмау үшін бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беру ұсынылады. Осылайша алаяқтық және адам ұрлау сияқты заңсыз әрекеттердің қаупін азайту көзделіп отыр», - деді ол.

Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.