Энергетика министрі жанармай тапшылығы туралы айтты

0
589

Оның мәліметінше, 1-20 қыркүйек аралығында Қазақстанға барлығы бес мың тонна дизель отыны, ал кейінгі аптада 15 мың тонна дизель отыны жеткізілген.


Энергетика министрі жанармай тапшылығы туралы айтты

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев жанармай тапшылығы туралы айтты, - деп жазадыTengrinews.kz.

Брифингте журналистер Энергетика министрлігі басшысынан дизель отыны туралы сұрады. Алматы, сондай-ақ Алматы облысы және Батыс Қазақстан облыстарының көптеген жанармай бекетінде дизель отыны талонмен беріледі. Сонымен қатар, жанрмай құны күрт өскен - литріне 194 теңгеден 245 теңгеге дейін.

"Жармай тапшылығы бүгін басталған жоқ. Тамыздан бастап қор азая бастады. Оған қоса, егін жинау жұмыстары жүргізілді, сәйкесінше, өкінішке қарай, елдің мұнай базаларында өте аз қор қалды. Бірінші себеп, қаншалықты қарапайым болса да, шекаралас елдер арасындағы баға айырмашылығы туралы мәселе. Солярка бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы айырмашылық 90 теңгеге дейін жетеді. Оңтүстік көршілес Өзбекстан мен Қырғызстанмен салыстырғанда айырмашылық 70-80 теңгеге жетеді", - деді Мырзағалиев.

Ол қазір Энергетика министрлігі бұл мәселені шешу үшін қандай жұмыс істеп жатқанын айтты.

"Менің алғашқы шешімдерімнің бірі Мәскеуге дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесіне жауап беретін орынбасарды жіберу болды. Ол біздің негізгі сатып алушыларымызбен бірге барды. Біз зауыттармен келіссөздер жүргіздік және қазір Ресейден дизель отынын әкеле бастадық", - деді министр.

Оның мәліметінше, 1-20 қыркүйек аралығында Қазақстанға барлығы бес мың тонна дизель отыны, ал кейінгі аптада 15 мың тонна дизель отыны жеткізілген.

"Сонымен қатар, 1 қазаннан бастап Павлодар МӨЗ жөндеуге жабылады. Біздің талабымыз бойынша "Қазмұнайгазбен" солярка өндірісіне жауап беретін қондырғыларды кейінірек жөндеуге іске қосу туралы келістік. Бұл нарықты дизель отынымен қамтамасыз етуге шамамен 10 күн уақыт береді. Әрине, зауытты жөндеуді келесі жылға ауыстырғым келеді, бірақ Павлодардағы зауытқа арнайы комиссия жібердік, оны ТЖМ мамандары қарады. Өкінішке қарай, күрделі жөндеуді кейінге қалдыру мүмкін болмады", - деді ол.

Мырзағалиев бүгінде зауыттардан дизель отынын жөнелту жоспарлы режимде жүзеге асырылып жатқанын айтты.

"Энергетика министрлігі ел жанармайсыз қалмауы үшін бізге байланысты барлық нәрсені істеп жатыр. Бағаға келетін болсақ, бұл - нарық. Баға мәселесі дизель отыны болсын, ауыл шаруашылығы өнімі немесе кез келген басқа өнімде де болады", - деп түйіндеді министр.