Ер адам ұрыс-керіс кезінде әйелі мен енесін ұрып өлтірген

0
337

Күдікті ұсталып, қамалған.


Ер адам ұрыс-керіс кезінде әйелі мен енесін ұрып өлтірген

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Андижан облысында ер адам әйелі мен қайын енесін темір затпен ұрып өлтірген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға өзара ұрыс-керіс салдарынан болған деген ақпарат бар.

«Газете.uz» хабарлағандай, Пахтаабад ауданында тұратын 41 жастағы ер адам жұбайымен және қайын енесімен жанжалдасқан.

Содан кейін ол екеуін де темір затпен ұрып жыққан. Қайын енесі сол жерде қаза тапқан, ал әйелі алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

Факті бойынша Өзбекстан қылмыстық кодексінің 97-бабы (қасақана кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті іс жүргізу тәртібімен ұсталды.