Ерекше балалар үшін тегін оқу орталығы ашылады

0
2 759

Теміртауда мүмкіндігі шектеулі және жетім балаларды оқытуға арналған курстарды өткізу үшін оқу орталығы ашылады.


Ерекше балалар үшін тегін оқу орталығы ашылады

ERNUR.KZ.Теміртауда мүмкіндігі шектеулі және жетім балаларды оқытуға арналған курстарды өткізу үшін оқу орталығы ашылады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біздің қор бүкіл Қазақстан бойынша оқу сыныптарын ашуды жоспарлап отыр. Үшінші оқу орталығын Теміртаудан аштық. Бұл сыныптарда ағылшын тілі, қолөнер, журналистика, математика, сурет және өзге де курстар бойынша тегін сабақтар жүргізіледі. Ұстаздар балалармен кездесу уақытын өздері белгілейді. Оқушылар әртүрлі балалар үйінен келеді», - деді «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының басшысы Рада Хайрушева.

Мұндай орталықтар Орал, Ақсай және Астанада ашылған. Бұдан кейін Ақтау қаласынан ашу жоспарланып отыр.

«Аталмыш жоба қомақты қаражат пен үлкен шығынды талап етпейді. Біз осылайша балаларға пайдасын тигізем деген еріктілердің басын қосамыз. Біздің мақсатымыз – бұл балалардың біліміне аз да болса үлесімізді қосу», - деді Р. Хайрушева.

Дәл қазір оқу орталығында жобаны жүзеге асыру үшін ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде топтар жасақталып, ұстаздар құрамы анықталуда.