Еріктілер Екібастұздағы пәтерлердің бірінен аш-жалаңаш төрт баланы тауып алған

0
849

Дәрігерлер төрт баланың барлығы да физикалық тұрғыдан дамымай қалған деп отыр.


Еріктілер Екібастұздағы пәтерлердің бірінен аш-жалаңаш төрт баланы тауып алған

ERNUR.KZ Жергілікті еріктілер Екібастұздағы пәтерлердің бірінен аш-жалаңаш, арық әрі ауру төрт баланы тауып алған. Үш күннен бері нәр сызбаған бүлдіршіндер адамдар көрсе зәресі қалмай қорқады екен, деп жазады Экспресс К.

Аштықтан әрі аурудан жүре алмай қалған балалардың жағдайы өте ауыр.
"Қараусыз қалған пәтерде жеті, бес, төрт және үш жастағы төрт бала болды, барлығы ауру. Кішкене қыздың іші үлкен, ұлдардың бірі екі күннен бері құсып жатыр. Ересектеу екі үлкен баланың аяқ-қолдары бұралып қалған. Барлығы үш күннен бері нәр сызбаған", - дейді еріктілер.
Шақырту бойынша келген жедел жәрдем дәрігерлері сәбилерді анасымен бірге ауруханаға алып кеткен.
Екібастұз қаласының әкімдігі балалардың 28 жастағы анасы мен әкесі "Богатырь Көмір" ЖШС-де жұмыс істейтінін айтты.
Бұл отбасы тұратын пәтерді антисанитария жайлаған. Тіскебасар нанның қиқымы табылмайтын бөлмеде ұсақ жәндіктер қаптап жүр, бұлар бұрын ауылдық жерде тұрғаны анықталды.
"Отбасы Қалқаман ауылынан екі жыл бұрын көшіп келген. Балалар емханаға тіркелмеген, мүгедектігі анықталған жоқ. Өздігінен қозғала алмайды, дұрыстап тамақ ішуді де білмейді", - деді әкімдіктегілер.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, балаларда COVID-19 белгілері бар болғандықтан, оларды Павлодар облыстық балалар ауруханасының коронавирустық бөлімшесіне жатқызылған.
Дәрігерлер төрт баланың барлығы да физикалық тұрғыдан дамымай қалған деп отыр.

Еріктілер анықтағанындай, бұл отбасының тағы бір тастанды баласы бар болып шықты.