Шығармашылығының 30 жылдығына арналған концерт 7 мамырда өткен.
ERNUR.KZ. Еркеш Шәкеев Алматыда өткен авторлық кешінде көп балалы отбасыға төрт бөлмелі пәтер сыйлады, деп жазады today.kz.
Бұл туралы сазгердің достары желіде хабарлаған. Музыкант сыйлаған пәтердің ішінде жиһаздары да бар.
Шығармашылығының 30 жылдығына арналған концерт 7 мамырда өткен.
Еркеш Шәкеев Facebook желісіндегі парақшасына авторлық кеші көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылатынын мәлімдеген еді.
"Былтыр Лондонда, Кардоган Холлда өткен концерттен соң тыңдармандардың тілегін ескере отырып авторлық кешімді өткізуге шешім қабылдадым. Концертім мерейтойға тұспа-тұс келгендіктен "Белая река" мега-хитін жазып шығам деп шештім, шығармашылығымды орындаушылардың бәрі шараға қатысуға шын көңілден талпыныс білдірді. Бірақ Жаңа жылдан соң Астанада бес қыз қайтыс болған кезде көңілім құлазып, концертті кейінге қалдырдым. Көп өтпей екі досыммен әңгімелесіп отырғанда концерт өткізіп, сондай адамдарға бір нәрсе істеу керек деген ойға келдім, оның үстіне өзім де көп балалы отбасынан шыққанмын", – деп жазды сазгер желіге.
Еркештің айтуынша, қасиетті Рамазан айында бұндай шараны өткізу – сауап.
Сазгердің кешінде Александр Иванов пен "Рондо" тобы, пианист Oliver Poole, Mezzo тобы, Марат Бисенғалиев, A’Studio, Карина Абдуллина, Толқын Забирова, Динара Сұлтан, Алматы симфониялық оркестрі, Евровидения қатысушысы Bianca Nicholas және басқалар өнер көрсетті.