Ерсайын Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды

0
302

​Бұған дейін бұл қызметте Қанат Шарлапаев болған.


Ерсайын Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін тағайындады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды.
Еске салайық, бүгін Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылды. Ол президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
Ерсайын Нағаспаев туралы дерек
Ерсайын Нағаспаев 1980 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2001 жылы Теміртау қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастаған. Содан кейін түрлі жылдары сыртқы істер министрлігі мен Ресей елшілігінде атташе, көлік және коммуникация министрлігінде департамент бөлімінің бастығы, директорының орынбасары, "Ақтау теңіз халықаралық сауда порты" РМК басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2009-2012 жыл аралығында премьер-министр орынбасарының кеңесшісі, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары, "СПК" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.