Ержан Максим халықаралық фестивальге шақырту алды

0
1 001

Халықаралық фестиваль 30 тамызда өтеді.


Ержан Максим халықаралық фестивальге шақырту алды

ERNUR.KZ. Отандық жас әнші Ержан Максим жуырда Сочиде өтетін «Super Дети» деп аталатын халықаралық фестивальге шақырту алды. Бұл туралы елордада өткен «Nur Sultan Music Awards» халықаралық музыка фестивалі кезінде әншінің анасы Гүлмира Әлібек мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бүгінгі фестивальге қатысқаныма қуаныштымын. Өте жоғары деңгейде өтуде. Әр сахна менің өнердегі тәжірибемді шыңдай түседі. Алдымызда мені үлкен байқау күтіп тұр. Қазір уақытта «Junior Eurovision 2019» байқауына дайындық жүріп жатыр, бірақ қандай ән айтамын, авторы кім әзірге айта алмаймын», - деді Ержан Максим.

Сондай-ақ, жас әнші Димаш Құдайберген, Селин Дион, Лара Фабиан секілді әлемдік деңгейдегі әншілермен дуэт айтқысы келетінін тілге тиек етті.

«Алда көптеген шығармашылық жоспарларымыз бар. Оның бәрі әзірге құпия. Дәл қазіргі уақытта біз бар күшімізді «Junior Eurovision 2019» байқауына салып жатырмыз, вокал жағынан дайындықты күшейтудеміз. Байқауда айтатын әнді күтіп отырмыз, одан соң оған клип түсіру жұмысы басталады. Жақын уақыттағы жоспарға келсек, Ержан жақында, нақты айтқанда 30 тамызда Сочиде өтетін «Super Дети» деп аталатын халықаралық фестивальдің басты қонағы болады», -деді әншінің анасы Гүлмира Әлібек БАҚ өкілдеріне сұхбат беру барысында.