"Ешкім көмектеспеді": Атырауда ер адам көлігін сызып кеткен адамды аяусыз соққыға жығып, мерт қылды

0
262

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


ERNUR.KZ. Оқиға "Дина" базарында болған. Бейнебақылау камерасына ер адамның екінші бір азаматты аяусыз соққыға жыққаны түсіп қалған, деп жазады inbusiness.kz.

Куәгерлердің сөзінше, жәбірленуші ер адам соққыға жыққан күдіктінің көлігін сызып кеткен. Кикілжің содан шыққан.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті УҰИ-на қамауға алынды. Жәбірленуші ауруханада алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапқан", - делінген Атырау облысы ПД берген мәліметте.