Ешкім сауатсыз қалмайды – Бірғаным Әйтімова жаңа жылға дейін қашықтан оқытуды ұсынды

0
744


Ешкім сауатсыз қалмайды – Бірғаным Әйтімова жаңа жылға дейін қашықтан оқытуды ұсынды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Бірғаным Әйтімова айтты, деп жазады baq.kz.

Әйтімова мектептерде дәстүрлі оқыту жүйесіне көшуге қатысты пікірін білдірді.

Депутаттар ондай сауалдарды ойланып жасаулары керек. Бір нәрсенің быт-шытын шығарып, екінші нәрсеге асығып көшудің қажеті жоқ. Денсаулық – еліміздің идеологиясы ғана емес, еліміздің болашағы, ұлтымыздың мыңжылдық келешегі. Балалардың денсаулығы бірінші қатарда тұруы керек. Білім бере аламыз. Кемістіктер де болып жатыр. Цифрлық бағдарлама әлі жетер жеріне жетпеді. Жасалатын жұмыс көп. Бірақ Үкімет әр қазақстандық ата-анаға ұсыныс берді. Дегенмен, қашықтан оқыту тәртібімен ең болмаса жаңа жылға дейін оқу керек. Ешкім сауатсыз қалмайды, - деді Бірғаным Әйтімова.

Сенаторлар кеңесі – ол консультативтік ақылдасатын кеңес. Ол бір жыл бұрын құрылған. Кеңесте бұрын сенатор болған азаматтар өз тәжірибелерімен бөлісу үшін жиналған.

Бізге ешқандай шығын жұмсалмайды. Сенат төрағасының қоластында жұмыс істеп, еңбегімізді жалғастырып жатырмыз. Кеңес құрылған кезде көп әңгіме болды. «Оларға тағы ақша төлеу керек» деген секілді. Айтайын дегенім, қазынадан бізге бір тиын ақша жұмсалмайды. Бізді тек қана пайдалану керек. Себебі арамызда елшілер, әкім және оның орынбасарлары, өндірістен шыққан сенаторлар бар, - дейді Бірғаным Әйтімова.
Оның айтуынша, Сенаторлар кеңесінің мүшелері халықтың ортасында жүреді.
Біз саяси жұмыста болмағандықтан, халықтың ортасында жүреміз. Ол ортада қандай әңгіме, қандай жақсы жұмыстар жүргізіліп жатыр, саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелер болсын, қандай кемістіктер бар, Ақордадан жарияланып, төменгі жаққа жетпей жатқан бағдарламалар болса, солардың кемшіліктерін ортаға салып, талқылаймыз, - деді Әйтімова.

Бірғаным Әйтімова «Желмая» жобасына берген сұхбаты кезінде «Парламентте неге жастар аз?» деген сұраққа жауап берді.

Мен жұмыс істеген Парламентте тек қана жастар келсін деген мақсат жоқ. Сенатта тәжірибесі көп адам жиналады. Көп жерде сенаторлар өмір бақи болады. Олар саясатта қанша жұмыс істейді, ел басқарады және менеджер болады. Жастар бізбен теңесе алмайды. Себебі олардың өмірлік тәжірибесі жоқ. Мүмкін олардың интернет арқылы жан-жақты білім алуға мүмкіндіктері бар. Дегенмен, олардың бізге қарағанда тәжірибелері азырақ. Бірақ жастардың көбі мәслихаттарда болуы керек деп есептеймін. Сол жерде тәжірибе жинақтаулары керек, - деп атап өтті ол.