Оқиға Бәйтерек ауданындағы Переметное ауылындағы ауруханада болған.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы ауылдық ауруханада үстіне теледидар мен оның тумбасы құлаған сәбидің жағдайы туралы айтты, деп жазады zakon.kz.
Оқиға Бәйтерек ауданындағы Переметное ауылындағы ауруханада болған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған кадрларда 2020 жылы туылған қыз баланың теледидар тұрған тумбаға шыққанын, салдарынан екеуі де қыздың үстіне құлағанын көруге болады.
Ол дереу аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.
Қыз жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. «Жабық бас сүйек-ми жарақаты, субарахноидальды қан кету» диагнозы қойылды, – делінген хабарламада.
19 мамырда облыстық денсаулық сақтау басқармасы қыз есін жиғанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта бала есін жиды, анасымен бірге палатаға ауыстырылды, – деп атап өтті Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілі.